Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Трамп Тоқаевты Газадағы Бейбітшілік кеңесіне шақырды

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газадағы Бейбітшілік кеңесінің құрамына шақырды. Бұл ақпаратты Qandastar.kz ақпарат порталы Tengrinews сайтына сілтеме жасап хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев әлем көшбасшыларының ішінде алғашқылардың бірі болып аталған кеңеске ресми шақырту алған. Сонымен қатар Қазақстан жаңа халықаралық бірлестіктің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болуға ұсыныс қабылдаған.

«Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Газадағы Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алды. Мемлекет басшысы АҚШ президентіне жолдаған жауап хатында көрсетілген сенім үшін шынайы алғысын білдіріп, осы жаңа бірлестіктің жұмысына қатысуға келісімін растады», – деді Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай. 

Айта кетейік, Газадағы Бейбітшілік кеңесі аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге бағытталған халықаралық алаң болмақ.

 

Back to top button