Әлем жаңалықтары

Трамп трансгендер спортшылардың әйелдердің жарысына қатысуына тыйым салды

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін жарияланған жарлыққа қол қойып, трансгендер спортшылардың әйелдерге арналған спорттық жарыстарға қатысуына тыйым салды, деп хабарлайды qandastar.kz сайты BBC порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан былай әйелдер спорты тек әйелдер үшін болады. Осы жарлықпен әйелдер спортына қарсы соғыс аяқталды, – деді Трамп Ақ үйде жарлыққа қол қояр алдында.

Оның айтуынша, АҚШ трансгендер спортшыларға виза беруден бас тартады.

Жарлық негізінен мектептік, университеттік және әуесқой жарыстарға қатысты болады. Алайда Трамп 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына дейін трансгендер спортшыларға қатысты ережелерді өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетіне қысым көрсететінін мәлімдеді.

Соңғы жылдары көптеген білім беру мекемесі мен спорттық ұйым ер адамдарға әйелдер спорт түрлерінде жарысуға рұқсат берді. Бұл әйелдер мен қыздар үшін қорлайтын, әділетсіз әрі қауіпті жағдай. Сондай-ақ олардың бәсекелі спортқа тең қатысып, табысқа жету мүмкіндігінен айырады, – делінген «Ер адамдарды әйелдер спортынан шеттету» атты Жарлықта.

Еске салайық, бұған дейін әйгілі Иман Хелифтің даулы оқиғасынан кейін алдағы Олимпиадада трансгендерлерге жаңа ереже қабылданбатынын жазған едік. Бұл бастама спорттағы қауіпсіздік пен, әсіресе әйелдердің әділдігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл шешімге 2024 жылғы Париж Олимпиадасында болған даулы оқиға түрткі болды.

Сол жарыста алжирлік боксшы Иман Хелиф пен италиялық Анджела Карини арасындағы жекпе-жек кезінде Карини небары 46 секундтан кейін рингтен кетіп, көз жасына ерік берді. Кейін ол, тіпті, бокстан кететінін мәлімдеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button