Оңтүстік астанада ұрланған сейфті троллейбусқа тиеп алып қашпақ болған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Тәртіп сақшылары пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады.
Ер адам сейфті ұрлап, қаладағы қоғамдық троллейбуске отырған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қалалық криминалдық полициясының қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар ер азаматты анықтады. Күдікті қылмыс орнынан кету үшін ең күтпеген тәсілдердің бірін таңдағанымен, тәртіп сақшылары оны дер кезінде қолға түсірді», — дейді департаменттегілер.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел шаралардың жалғасып жатқанын хабарлады.
«Бұл күдіктіні ұстау қызметкерлеріміздің жеделдігі мен үйлесімді жұмысының нәтижесі. Қазір оның өзге де ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Қылмыстың бұл түрін ашу бойынша жұмыс күнделікті жүргізіледі және біз қала тұрғындарының мүлкін қорғауға ерекше назар аударуды жалғастырамыз», — деді Алматы қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



