Шоу бизнес

«Цирк аяқталды: танымал әнші фонограммасыз сахна тазаратынын айтты

Бұрынғы «АБК» тобының мүшесі, танымал музыкант Ерлан Көкеев фонограммамен айтуға салынған тыйымға қатысты пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында білдірді, деп жазады qandastar.kz.

Әнші фонограмманы көрерменді алдаудың және көзбояушылықтың бір түрі деп атады. Оның айтуынша, концертке келген тыңдарман жасанды иллюзия үшін емес, шынайы өнер үшін ақша төлейді.

«Фонограммаға тыйым салынды.

Құттықтаймын. Бетперделер шешілді.

Енді бәрі қарапайым.

Не сен шынайы дауыспен ән айтасың – не сен енді әртіс емессің, тек декорация үшін микрофон ұстап тұрған адамсың.

Енді бұл цирк ресми түрде жабылды.

Бұл заң — тыйым туралы емес.

Бұл заң — кәсібилікке қойылған сынақ.

Енді бәрі анық болады:

кім нағыз музыкант,

ал кім тек көрініс жасауды үйреніп алған.

Сахна тазарады», — деді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button