
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оқырмандарына туған күнінде бұрынғы күйеуінен ерекше сыйлық алғанын хабарлады. Сөзінше, экс-министр оның үстінен сотқа екі арыз түсіргенін жеткізді, деп жазады qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап..
Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев жаңа сот процестеріне дайындалып жатыр. Бұл туралы оның экс-әйелі Назым Қаһарман Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. Ол туған күнінде ерекше сыйлықтар алып жатқанын мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«>
Назым Қаһарман атаулы күнді бұрынғы жолдасы да ұмытпағанын айтты. Сөзінше, ол таңғы уақытта Бишімбаевтан сотқа екі шақырту алған.
«Бұрынғы күйеуім туған күніме сыйлығын жеткізу үшін барын салыпты. Таң атпастан одан сотқа екі шақырту алдым. Кеше қол қойып, Степногорск қаласынан бүгін жедел түрде жеткізіп тұр», — деді Назым Қаһарман.
Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаев ортақ балаларына қатысты мәселе бойынша сотқа арыз түсірген. Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі перзенттеріне шетелге рұқсатсыз шығуға мүмкіндік беретін сенімхатын қайтарып алғанын хабарлады.
Оған қоса Назым Қаһарман экс-жолдасынан мұндай әрекетерді күткенін жеткізді.
«Көңіл-күйім қатты түскен жоқ, себебі оның мұндай әрекеттерге баратынын білдім. Бұл адам істеген істеріне өкініп, балаларына барынша көмектесіп, солар үшін қашықтан қуанып жүретін болса таңғалар едім. Алайда, олай емес. Мұндай адамдар ешқашан өзгермейді», — деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.



