Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің түйемен түскен суреттері желі қолданушыларын сүйсінтті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Фотосессия Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи музей-қорығында түсірілген.
«voicebeyondhorizon түсірілімінен рестайлинговый түйемен фотосессия», — деп жазды әнші.
Әншінің жанкүйерлері түрлі пікір қалдырып жатыр.
Олардың арасында шетелдік жанкүйерлер баршылық. Олар әншінің суреттерін жоғалы бағалауда.
«Түйе «мен звезда» деп ойлап тұрғой явно», «Сондай жақсы мінезді түйе… мүмкін, бұл «диван бол» өнер сабақтарын өткізген шығар…», «Сенің әрбір әнің – жүректерімізді Тәңірге жалғайтын көпір іспетті. Сен ән салғанда, жанымыздың тереңінде ұмыт қалған бір жарық қайта оянады. Сен – адасқан, ізденген рухтарымыздың мейірімді жолбасшысысың» және «Мына қоспақтың бағасы қымбаттады)» сынды пікірлер жазылып жатыр.



