Жаңалықтар

«Тұқымыңмен құртам деп қорқытты»: Жанар Айжанова желіде тараған фотосына қатысты пікір білдірді

Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Жанар Айжанова Талғардағы қылмыстық топтың басшысы деп жүрген адаммен бірге түскен суретіне түсініктеме беріп, оған желіде әлдекімдер буллинг жасап жүргенін айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Хасан деген бәле болды. Желкемнен келіп суретке түскен екен кезінде. Мен енді арқамнан келіп суретке түскен адамдарға жауап бермеймін ғой. Маңдайында не деп жазулы тұрғанын қайдан білейін. Суретке түссек осы, түспесе, көкірек деп тағы айтасыңдар. Интервью беріп сайрап отырған Хасанды құдіреттерің жетсе, барып қол-аяғын байлап, алдыма алып келіңдерші. Мен оған да айтатынымды айтамын. Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Хасанның маған не қатысы бар? Сендер айтқаннан кейін біліп жатырмын оның Хасан екенін. Бір томпиған бала артымда тұр. Ол қай жылы, қай жерде түскен сурет екенін Құдай біледі. Қасында тағы басқа да әншілер отыр», — деді Жанар Айжанова.

Осылайша әнші Талғардағы қанды оқиғадан кейін өзіне негатив пікір жазатындардың көбейгенін айтқан. Жанар Айжанова сол адамның үстінен арыз жазып, елге көрсетемін дейді.

Жанар Айжанова өзінің інісін 12 жыл бұрын атақты кісілердің өлтіріп кеткенін айтып, Шерзаттың жақындарының жағдайын түсінемін дейді.

«Маған бір әйел жазыпты, «үйіңдегі әлдеқандай қылып өсіріп отырған немереңді өскен кезде бандиттер бауыздап өлтірсін, мен соны тілеймін» депті. Сонда сендер қандай анасыңдар? Ауыздарыңа келгенді оттап жатырсыңдар. Қызымды жерден алып, жерге салып жатыр. Мен ешкімге ештеңе деген жоқпын ғой. Мен мұндай нәрсені жақсы түсінемін. 12 жыл бұрын менің де інімді өлтіріп кеткен. Атақты адамдар екен, істемегендері жоқ. Мен ешкімді шулатқан жоқпын ғой. Өзім шештім. Мені де тұқымыңмен құртам деп қорқытқан. Біреудің баласына өлім тілеп отырғандар: солардан қай жерлерің артық? Мен ешкімнің отбасына араласпаймын. Не істейсіңдер маған?», — деді ол.

Еске салайық, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close