Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында кеңес және қазақстандық кино мен театр өнерінің аңызға айналған тұлғасы Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлы актерді соңғы сапарға шығарып салуға мыңдаған адам жиналды. Олардың қатарында шығармашылық зиялы қауым өкілдері, әріптестері, шәкірттері мен өнерсүйер қауым болды.
Асанәлі Әшімов 21 желтоқсанда 89 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ұзақ та жемісті шығармашылық жолында ол 30-дан астам фильмге түсіп, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 1963 жылдан бастап актер әрі режиссер ретінде қызмет атқарып, сахнада шамамен 50-ге жуық рөлді сомдады.
Асанәлі Әшімов – Шәкен Айманов дәуірінің соңғы аңызы еді. Ол қазақстандық кино тарихында өшпес, айрықша із қалдырды.
Қазақ халқы бұл күнде тек бір актерінен ғана емес, тұтас бір өнер дәуірінен айырылды…
@ara.media.kaz⚡️ Алматы жұрты актер Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды Жұрт актермен Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық театрында қоштасты. Қаралы жиынға мәдениет және өнер өкілдері, қоғам қайраткерлері, Асанәлі Әшімовтің шәкірттері мен қала тұрғындары қатысты.



