Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарын таңға дейін қабылдады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы ulysmedia.kz-ке сілтеме жазып.
Ақтаулық кәсіпкер Бибігүл Рамазан өзінің әлеуметтік желісінде видео жариялап, осы оқиғамен бөлісті.
«Кеше, 5 желтоқсан күні, Маңғыстау облысы әкімінің Ақтау қаласы тұрғындарымен кездесуі болған. Бүгін таңғы 07:15-ке дейін тұрғындарды қабылдапты. Осындайды кім көрген?» — деп жазды ол.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Бірі әкімнің бұл әрекетіне қолдау білдірсе, кейбіреулері «мәселелердің шешілгендігіне» күмән келтірді.
Нұрдәулет Қилыбай 2024 жылдың 17 мамырында Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған.



