Әлеумет және қоғам

Тұрақтандыру қорындағы азық-түлік жәрмеңкелерде сатылып жатыр

Фото: ашық дереккөз

Тұрақтандыру қорындағы азық-түлік жәрмеңкелерде сатыла бастады, деп жазды qandastar.kz

Өткен демалыс күндері өңірлерде 20-дан астам азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкелерде жалпы көлемі 1 600 тоннадан астам тағам саудаланды.

Өткен аптадағы жәрмеңкелердің ерекшелігі – бірнеше өңірде тұрақтандыру қорындағы өнімдер жәрмеңкелерде сатылды. Мысалы Абай облысында тұрақтандыру қорындағы 5 тонна картоп,сәбіз, пияз бен орамжапырақ жәрмеңкеде келісі 115 теңгеден сатылды. Ақтөбеде тұрақтандыру қорындағы картоп (2,8т) 116 теңгеден, пияз (1,9т) 170 теңгеден, орамжапырақ 160 теңгеден, сәбіз 110 теңгеден(1-1 тоннадан), қант 350 теңгеден (200 кг) сатылған. Ал Қостанайда өткен жәрмеңкелерге тұрақтандыру қорынан 11 тонна өнім шығарылса, оның 8 тоннасы сатылған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close