Жаңалықтар

Тұрғындар наразы: Қызылордада қызыл кірпіштен соғылған үйлерді ақ түске бояп жатыр

Фото: видеодан кадр

Қызылордада қызыл кірпіштен жасалған үйлердің қасбетін ақ түспен бояп жатыр, – деп хабарлайды qandastar.kz

Желіде «Қызыл кірпішті аққа бояп шығу миға сыймайтын нәрсе. Әкімдіктегілерге не болған?» деген мәтінде жазбалар көбейген. Бұған жауапты мекеме былай жауап қатты.

«Аталған тұрғын үйді жөндеу демеушілердің есебінен жүзеге асырылуда. Барлық сын-ескертпелер мердігерге жеткізіліп, бақылауға алынады», – деп жазды әкімдік қызметкерлері.

Еске салайық, бұған дейін қала тұрғындары үйлерді қызыл кірпіштен көкке бояуға қарсы болған. Жергілікті тұрғындардың наразылығынан кейін Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі 7А үйді сырлау жұмыстары тоқтатылған болатын

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close