Жаңалықтар

Туризм және спорт министрлігінде кадрлық өзгеріс орын алды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ислам Ілиясұлы Байрамуков спорт омбудсмені – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды qandastar.kz

Ислам Байрамуков – қазақ еркін күресшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері.

1971 жылы Жамбыл облысы, Каменка ауылында дүниеге келген.

Республикалық олимпиадалық резерв училищесін (1989); Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын (1993), дене шынықтыру және спорт мұғалімі (1993) бойынша бітірген.

1993 жылдан 2004 жылға дейін – РГКП «Ұлттық құрамалар және спорттық резерв дирекциясы» спортшы-нұсқаушысы.

Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша (2003), Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық университетін (қаржы және экономика) (2005) бітірген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close