Жаңалықтар

Түркістан облысында 1 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында 1 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz POLISIA.KZ-ке сілтеп. 

Тергеу мәліметтері бойынша, Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 млн теңге талап еткен. Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылған сомасы бар банк картасы мен журналистің қызметтік куәлігі табылды.

Күдікті өңірде блогер ретінде танымал, әлеуметтік медиа парақтарын белсенді жүргізеді.

Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close