Әлеуметтік желіде Түркістан облысында үш полиция қызметкері зорлық жасады деген ақпарат тарады, деп жазады qandastar.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Ішкі істер министрлігі Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы бойынша жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев түсініктеме берді.
Бұрынғы полиция қызметкерлерінің бұл іске ықтимал қатысы туралы ақпарат толық тексерілуде және сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оған құқықтық баға берілетін болады, – деді ол.
Сонымен қатар, күдікке ілінген қызметкерлер жұмыстан босатылды.



