Жаңалықтар

Түркістан облысында 38 жастағы келіншек бес ұлдан кейін үшем дүниеге әкелді

Фото: Сауран аудандық емханасы

Түркістан облысының Сауран ауданында тұратын Исрайловтар отбасында үлкен қуаныш — 38 жастағы Махру Каримова бес ұлдан кейін үшем босанды, деп хабарлады qandastar.kz.

Аудандық емхананың мәліметінше, үшемдер 20 қыркүйек күні, жүктіліктің 35 аптасында, жоспарлы кесар тілігі арқылы дүниеге келген. Екі қыз бен бір ұлдың салмақтары тиісінше 1940, 2000 және 2100 грамм болған.

Мерзімінен ерте туған сәбилер мен ананың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында болды. Бірнеше күндік ем мен күтімнен кейін, ана мен балалар үйге шығарылды.

«Отбасымызда үлкен қуаныш! Үшемдерге Сафия, Амир және Хадия деп ат қойдық. Дәрігерлерге алғысымыз шексіз», — дейді сәбилердің туыстары.

Қазіргі таңда ана мен үшемдердің жағдайы жақсы, олар Сауран аудандық емханасының медициналық бақылауында.

Желі қолданушылары отбасыға жылы лебізін білдіріп, ақ тілектерін жаудырып жатыр:

«Сәбилердің бауы берік болсын!», «Аман-есен өссін», «Үлкен қуаныш жұғысты болсын» деген сияқты пікірлер көптеп жазылған.

Back to top button