Жаңалықтар

Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін көпір опырылып түсті (ВИДЕО)

Түркістан облысында тірек бағаналарының түбінің шайылуы салдарынан автокөлік көпірі құлады. Қазіргі таңда құтқарушылар мен полиция жұмыс істеп жатыр, деп жазады qandastar.kz сайты NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Келес ауданы әкімдігінің хабарлауынша, Қошқарата ауылдық округіне қарасты Қошқарата елді мекені аумағында Келес өзені арқылы өтетін көпірде жарық пайда болғаны анықталған. Аталған көпір облыстық маңызы бар КХ-20 автожолының бойында орналасқан.

Әкімдік Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев оқиға орнына барып, көпірдің жағдайымен танысқанын хабарлады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көпір арқылы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, көпірдің ұзақ жылдар пайдаланылуы және тірек бағаналарының түбінің шайылуы салдарынан қауіп туындаған. Қазіргі таңда көпір Түркістан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгерімінде. Көлік қозғалысы үшін Алпамыс және Біртілек ауылдық округтері арқылы 10-15 шақырымды құрайтын айналма жолдар ұйымдастырылды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылған. Жағдай тұрақты, тиісті мамандар көпірдің техникалық жағдайын тексеріп, қорытындысын ұсынатын болады, — делінген әкімдік хабарламасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Keles aýdany ákimdigi (@keles_aydany)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button