
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен оқиғаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметші қатысқан төбелеске байланысты тиісті тексеріс жүргізді.
Бұл оқиға әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған болатын.
Агенттіктің Әдеп жөніндегі кеңесі тиісті шешім қабылдады.
«Кеңес шешімімен Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы С.Жалықұлға қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін «атқарып отырған лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды», — делінген мәлімдемеде.



