Жаңалықтар

Түркістан облысында сотталушы ауруханадан қашып кетті

Түркістан облысында сотталушы ер адам ауруханадан қашып кетті, деп хабарлады qandastar.kz.

Оқиға 23 қазанда болған. Полиция мәліметінше, ол ем қабылдап жүрген жерінен қашқан. Қазір іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр — облыс аумағында посттар қойылып, барлық күш жұмылдырылған.

Облыстық полиция департаменті бұл дерекке байланысты қызметтік тексеріс басталғанын, кінәлі қызметкерлерге қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді.

Back to top button