Жаңалықтар

9-ы бала: Түркістан облысында үй өртеніп, 12 адам қаза тапты

Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылында екі қабатты жеке үйден шыққан өрт 12 адамның өмірін жалмады. Қайғылы оқиға салдарынан 9 бала мен 3 ересек көз жұмған, деп хабарлайды qandastar.kz

Өрт сөндірушілер жеткен кезде ғимарат толығымен өртеніп үлгерген. Төтенше жағдайлар қызметі үй ішінен ес-түссіз жатқан үш адамды тауып, оларды жедел жәрдем қызметіне тапсырған.

Көршілердің айтуынша, үйде қонақтар болған. Бір күн бұрын өткен жиыннан кейін қонақтардың көбі қонуға қалып қойған.

Қазір өрт толық сөндірілді. Президент қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, тиісті органдарға тергеу жүргізуді тапсырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button