БілімДенсаулықЖаңалықтар
Түркістан облысындағы балабақшада жаппай улану орын алды

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы балабақшада 24 бала уланып қалды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Зардап шеккендердің арасында мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері де бар.
Барлық науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Санитарлық-эпидемиологиялық мамандар тексеру жүргізіп, санитарлық нормалардың өрескел бұзылуын анықтады. Сондай-ақ балабақшада азық-түліктер дұрыс сақталмаған, — дейді департаменттегілер.
Асханаға жабдықтарды орналастыру және оның жұмыс істеуіне технологиялық процестердің реттілігі мен үздіксіздігінің сақталмауы, өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауы себеп болды. Сондай-ақ олар дезинфекциялық және жуғыш заттардың арнайы бөлінген орындарда сақталуын қамтамасыз етпеді. Қазір екі нысан жабылды, полиция департаменті ҚР ҚК 34-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, – дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов.