Жаңалықтар

Түркістанда 4 бала 9-сынып оқушысын тепкілеп өлтірді

Түркістанда әлімжеттік кесірінен 9-сынып оқушысы ажал құшқан. Мейіржан Нұржанұлының отбасы әділ тергеуді сұрайды. Кінәлілер жазаланып, бұл істің жабылып қалмаса дейді, деп жазады qandastar.kz
Несіпгүл Тұтқабекова арқалап өсірген немересін апта бұрын жер қойнына тапсырған. Ұлымның көзі болып қалған Мейіржанымды құрдастары жауыздықпен өлтірді дейді.
“Бұлар 3-4 баланы қойып қойған шеттерінен. Сөйтіп жаңағы төртеуі ұрып шыққан ғой. Екі рет айналдырып шыққан 4 бала. Екі соққыдан есептегенде 8 соққы екен. Менің інімнің жүрегінен ұра берген. Тек жүректен ұрған. Жүрегінен ұра берген соң сол жерде тоқтап қалған жүрегі. Жүрегі жарылып кеткен. Ұйқы безі езіліп кеткен. Ол да жарылып кеткен. Сол кезде тіл тартпай кеткен. Бұлар маған алдап талып қалды деп айтып тұрды. Мен жетсем 40 минут бұрын жүріп кеткен екен інім”, – дейді марқұмның ағасы Бауыржан Нұржанұлы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button