Әлеумет және қоғам
Түркістанда анасы мен 16 жастағы қызын аяусыз өлтірген бұрынғы мектеп мұғалімі сотталды
Фото: ашық дереккөз
12 қыркүйек күні Түркістан облысы Келес ауданында болған жантүршігерлік оқиғаға нүкте қойылды. Анасы мен оның 16 жастағы қызының өліміне бұрынғы мұғалім кінәлі екені анықталды. 29 жастағы азамат жазасын өмірінің соңына дейін темір торда өтейді, деп жазды qandastar.kz
“Аханов Абай Асхатұлына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу мерзімі 12 қыркүйек 2024 жылдан бастап есептелсін”, – делінген соттың шешімінде.
“Бүгін соттың соңғы отырысы болды. Бұған дейін көптеген қиындықтар болды. Әділ шешім деп есептеймін. Қылмыскер өмір бойыны бас бостандығынан айырылды. Бізге көмектескендердің барлығына алғыс айтамын”, – дейді марқұмдардың туысы Айқдидар Тоғамбаева.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
“Сот алқабилердің қатысуымен өтті. Қазірге сот үкімі заңды күшіне енбеді. Сот тарапынан біздің талап арызымыз толығымен қанағаттандырылды. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 50 миллион теңге материалдық шығын өтелетін болады”, – деп мәлімдеді зардап шегуші тараптың адвокаты.