Жаңалықтар

Түркістандағы қайғылы оқиғадан соң 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Аймақтық денсаулық сақтау басқармасы Түркістан облысындағы қайғылы өрттен тірі қалған үш адамның қазіргі жағдайына қатысты ақпарат таратты,  деп жазады qandastar.kz

Оқиға орнынан екі ересек және бір бала ауруханаға жеткізілген. Үшеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың халін «ауыр, бірақ тұрақты» деп бағалап отыр.

«Жедел медициналық қызмет күшейтілген режимге көшті. Облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдардан қосымша мамандар тартылып, барлық қажетті дәрі-дәрмек, сондай-ақ психологиялық көмек қамтамасыз етілді. Жағдай толық бақылауда», – деп хабарлады басқарма.

Еске салайық, Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке үйден шыққан өрт салдарынан 12 адамның мәйіті табылған. Қайғылы оқиға бойынша Үкіметтік комиссия құрылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button