Жаңалықтар

Түркия енді «Орталық Азияны» «Түркістан»  атамақ

Фото Aljuvad.com

Бұл туралы Түркияның Ұлттық білім министрлігі мәлімдеді,  – деп жазады Qandastar.kz.

«Барлық оқу құралында «Орталық Азия» терминін түгелдей «Түркістан» деп атау туралы ұсыныс енгізілді. Бұл – біртұтас түркі тарихын, географиясын, әдебиетін, картасын және әліпбиін жасауға жасалып жатқан қадам» делінген хабарламада.

Президент Реджеп Тайып Ердоған бұған үн қосты. «Түркия президенті келешектегі Түркі дәуірінің тұғырлы болуы үшін Түрік мемлекеттерінің ұйымын құру идеясын түлетуге жұмыс істеу керегін меңзеді» деп жазады TRT.

Бұл ретте профессор Ахмет Ташағыл да «Түркістан» терминінің тарихи мағынасын  былай тарқатқан.

«Орталық Азия» термині 19 ғасырдың 2-жартысында орыс экспансиясы нәтижесінде пайда болды, алғашқы атау осылай жойылған», – дейді профессор.

Доцент Рамин Садық та «Министрліктің «Түркістанды» оқулықтарға енгізу туралы шешімі түркі әлеміндегі байланыстарды нығайтуға, соның ішінде ортақ тарихты, әдебиетті, карта мен әліпбиді жасауды қамтитын кең ауқымды стратегияның бір бөлігі» деген ой айтты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close