Жаңалықтар

Түркия Қазақстанға BAYRAKTAR дронын тегін береді

Фото: ашық дереккөз

Түркия Қазақстанға BAYRAKTAR дронын тегін береді, деп жазды qandastar.kz

Түркия Қазақстанға ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерін тегін береді. Екі елдің қорғанысқа жауапты делегациялары осыған қатысты хаттамаға қол қойды. Құжаттың негізінде түріктер Қарулы күштерімізді Bayraktar Kalkan, Bayraktar Mini ұшқышсыз басқарылатын аппараттар және Mosquito-X оқ-дәрісімен тегін қамтамасыз етеді.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, дрондар әскери сынақтан өткізу үшін беріледі. Өйткені Қазақстан 2022 жылдан бері ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдаланудың халықаралық тәжірибесін белсенді зерделеу үстінде. Бүгінде сол түріктердің ұшқышсыз басқарылатын ANKA аппараты тәжірибелік әскери сынақтардан сәтті өтіп, пайдалануға берілді. Бұл қатарда Wing Loong және Skylark барлаушы ұшу аппараттары да бар. Армиямызда арнайы бөлімшелер де құрылған. Жыл сайын дрондарды басқару бойынша 200-ге жуық әскери оқытылады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close