Жаңалықтар

Түркия парламентінде жаппай депутаттардың төбелесі орын алды (ВИДЕО)

Түркия парламентінде бюджет талқыланып жатқан кезде Республикалық халық партиясы мен Әділет және даму партиясының өкілдері арасында жанжал шықты, деп жазады qandastar.kz  ақпараттық агенттігі   Haberler сайтына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, 2026 жылға арналған бюджет жобасы мен 2024 жылға арналған қорытынды есептер туралы заң қаралып жатқан сәтте Бас ассамблеядағы жағдай күрт шиеленіскен. Қақтығыс Республикалық халық партиясы төрағасының орынбасары Мурат Эмир мен Бурса қаласынан сайланған Әділет және даму партиясының депутаты Мустафа Варанк арасындағы сөз жүзіндегі тартыстан басталған. Даулы әңгіме тез арада төбелеске ұласып, оған екі тараптан да басқа парламентарийлер қосылған.

Депутаттарды әріптестерінің көмегімен ажыратуға тура келді. Оқиғаға қарамастан, заң жобасы дауыс беру қорытындысы бойынша қабылданды: «қолдағандар» — 320 депутат, «қарсы» — 249.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button