Жаңалықтар

Түркия Росатом салып жатқан АЭС-ті биыл іске қоспақ

Фото: ашық дереккөз

Түркия Росатом салып жатқан АЭС-ті биыл іске қоспақ, деп жазады qandastar.kz

Түркия билігі 2025 жылы «Аккую» АЭС-ның бірінші реакторын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл ақпаратты елдің энергетика министрі Алпарслан Байрактар растады.

«Біз биыл бірінші реакторды іске қосамыз деп алдымызға мақсат қойдық. Тестілік режимде болса да электр энергиясын осы жылы өндіруді бастауға ниеттіміз. Алғашқы реакторда электр энергиясының өндірілуі өте маңызды. Бұл Түркия үшін тарихи сәт болатынына сенімдімін», – деді Түркия министрі.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай,      «Аккую» – Түркияда салынып жатқан алғашқы атом электр станциясы. Оның құрылысын Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы жүргізіп жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close