Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Түркияда ер адам ажырасқаннан кейін мысықтарына алимент төлейтін болды

Түркияда ер адам ажырасқаннан кейін бұрынғы әйелімен ерекше келісімге келді — ол мысықтарына алимент төлейтін болды, деп хабарлады qandastar.kz.

Келісім бойынша, ер адам бұрынғы жұбайына әр үш ай сайын 10 мың түрік лирасы (шамамен 129 мың теңге) көлемінде төлем жіберіп отырады. Бұл төлем 10 жыл бойы немесе мысықтар тірі болғанша жалғасады.

Сонымен қатар, төлем мөлшері инфляция деңгейіне қарай қайта қаралып отырады, ал жануарларға толық қамқорлық бұрынғы әйеліне қалдырылған.

Бұған қоса, әйел адам 550 мың лира (шамамен 7 миллион теңге) мөлшерінде ажырасу өтемақысын алған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button