Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Түркияда Қазақстан мен Түркия туларын «қорлаған» қос әйел тергелуде

Түркияның Аланья қаласында әлеуметтік желіге арналған бейнежазба түсіру кезінде Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік туларын еденге түсіріп алған екі әйелдің әрекеті халықаралық деңгейде резонанс тудырды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы newtimes.kz-ке cілтеме жасап хабарлайды.

Түркияның құқық қорғау органдары аталған оқиғаға байланысты екі әйелді — 37 жастағы Ресей азаматын және 32 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Олар сотқа жеткізілді. Әйелдердің айтуынша, тулар әдейі емес, кездейсоқ құлап кеткен. Олар басшының кенеттен пайда болуынан абдырап қалып, үстелді қағып алғандарын мәлімдеген.

Прокуратура күдіктілерді қамауға алуды талап еткен. Алайда сот бұлтартпау шарасы ретінде елден шықпау туралы қолхат пен Түркия аумағынан кетуге тыйым салумен шектелді.

Оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде пікірлер екіге жарылды. Бірі Түркияда мемлекеттік туларды қорғау талаптары қатаң екенін айтып, биліктің ұстанымын қолдаса, енді бірі видеоны әзіл ретінде қабылдап, онда қорлау ниеті болмағанын алға тартуда.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button