Әлем жаңалықтары

Түркияда магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі болды

Фото: pixabay.com

Түркияның Малатья провинциясында магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі болды, – деп жазады qandastar.kz .nur.kz-ке сілтеме жасап.

Жер сілкінісін Түркияның шығысындағы 3 провинция тұрғындары сезген, делінген NTV телеарнасының эфирінде. Жергілікті биліктің хабарына сенсек, Түркияның шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендер мен жарақат алғандар туралы ақпарат әзірше жоқ. Түркия ІІМ басшысы Әли Ерлікайдың хабарына қарағанда, тиісті ведомстволар тексеріс жұмыстарын бастап кеткен. Айта кетейік, Малатия – 2023 жылдың ақпанында жойқын жер сілкінісі болған түрік провинцияларының бірі. Салдарынан 11 провинцияда 50 783 адам қайтыс болған.

 

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close