Жаңалықтар

Түркияда тағы жер сілкінді

Фото:idiana university
Анкараның оңтүстігінде орналасқан Кония провинциясының Кулу ауданында 15 мамырда 5,2 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл туралы TRT Haber Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасына (Afad) сілтеме жасай отырып, хабарлады.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 15:46-да тіркелді, жер сілкінісі ошақ 18,73 шақырым тереңдікте орналасқан.

Ел астанасы мен оған жақын өңірледің тұрғындары жер тербелісін сезген. Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерлікая қазіргі уақытта сейсмикалық белсенділіктің тоқтағанын айтты.

23 сәуірде Ыстамбұлда Мәрмәр теңізінің жағалауында 6,2 баллдық жер сілкінісі болды. Оның ізімен афтершок жүрді. Апат салдарынан 236 адам зардап шекті, құрбан болғандар жоқ, сондай-ақ кең ауқымды қирандылар тіркелмеді. Түркия жер сілкінісінен жиі зардап шегетіні белгілі, өйткені ол тектоникалық плиталардың түйіскен жерінде орналасқан.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close