Жаңалықтар

Түркияның Анталья қаласы туристер саны бойынша жаңа рекорд орнатты

Бір жыл ішінде Антальяға 17 миллионнан астам турист келген. Сарапшылар бұл көрсеткіш рекордтық деңгей, деп отыр. Демалушылардың басым бөлігі Ресейден және Еуропаның екі елінен келген, деп жазады qandastar.kz.

РИА Новости мәліметінше, 2025 жылы Анталья 17 миллионнан астам турист қабылдап, жаңа рекордқа қол жеткізді.

«Біз 2025 жылды рекордпен аяқтадық. Анталья соңғы 12 айда 17 миллион 122 мың 548 қонақты қабылдады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 1,17% болды», – деді Түркияның туризм министрі Мехмет Нури Эрсой..

Оның айтуынша, туристер саны бойынша алдыңғы үштікке Ресей Федерациясы, Германия және Ұлыбритания кірген. 2025 жылдың қараша айында Түркияда демалған шетелдіктер арасында Ресей туристері бірінші орынға шықты. 11 айдың қорытындысы бойынша ресейліктер Германия азаматтарын аз ғана айырмашылықпен басып озған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, қараша айында Түркияға 287 мыңнан астам Ресей азаматы келген, ал 11 ай ішінде олардың жалпы саны 6,5 миллионнан асқан.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button