Жыл соңындағы ірі мәмілелер легі жалғасуда. «Қазахмыс» пен «Казцинк» сатылғаннан кейін артынша «Транстелеком» иелері компаниямен қоштасатынын айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Дикая Азия Тelegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл — Қазақстандағы ірі байланыс операторларының бірі, телекоммуникация, цифрландыру және жүйелік интеграция саласында жұмыс істейді.
Бұрын «Транстелеком» АҚ акционері Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрали Әлиев болатын. Алайда биыл ақпанда ол акционерлер құрамынан шыққанын хабарлады. Сол кезде компаниядағы үлесті сатып алу туралы «Jusan Mobile» АҚ мәлімдеген еді.
2024 жылғы наурызда «Транстелеком» Freefom Telecom компаниясына тиесілі жеті дата-орталықты сатты. Ал қазір Тимур Турлов «Транстелекомдағы» үлесті сатып алу жөнінде келісімге қол қойды. 11 желтоқсанда акционерлер компанияның жаңартылған директорлар кеңесін бекітті.
Ендігі қадам – мемлекеттік реттеуші органдардан қажетті рұқсаттарды алу болып отыр.



