Жаңалықтар

Тұрсын Алагөзов: Болашақта алкогольсіз сыра жасаймыз

Фото: Жеке қорынан

Кәсіпкер, Шымкент сыра зауытының жаңа иесі Тұрсын Алагөзов журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында бизнесі жайлы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

“Бұл кәсіп мен үшін жауапкершілік. Жаңа тәжірибе. Энергия береді. Жалпы, сыраны тұтынушыларымыздың сұранысына, талабына сай дайындаймыз. Баян Мақсатқызы сыра ішуге тыйым салған. Бизнес үшін дегустация жасап көрейік. Қараңызшы, қандай керемет иіс шығып тұр. Тура нанның иісіндей. Болашақта алкогольсіз сыра жасау ойда бар. Бірақ ол алкогольді сыраға қарағанда қымбат болады», – деді Тұрсын Тұрымұлы.

Ол Шымкент сыра зауытын қаншаға сатып алғанына тоқталды. Айтуынша, зауытты 8 миллиард теңгеге сатып алған. Қазір оның 50-60 пайызын төлеп қойғанын атап өтті.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close