Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футболшыларына көлік сыйламақ

Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футбол клубы «Реал Мадридті» жеңген жағдайда әр ойыншыға көлік сыйға тартатынын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz.

Бұл туралы оның жұбайы, продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Жазбада «Алға, Қайрат!» деген жазуы бар қаз-қатар тізілген Hyundai Sonata көліктері көрсетілген.

Аталған автокөліктердің нарықтағы құны шамамен 15,3 миллион теңгеден басталады.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы көптен күткен ойыны ертең 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді.

Back to top button