Танымал кәсіпкер, Баян Алагөзованың жұбайы Тұрсын Алагөзов отбасылық өмірі жайлы ашық айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі Egemenel.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, бірінші әйелінен туған балаларға ол жас кезінде жақсы әке бола алмаған.
«Менің бірінші және екінші некемнен 4 балам бар. Сол кезде жасым небәрі жиырмада еді, баланы қалай тәрбиелеу керегін білмедім. Курстар, нұсқаулық та жоқ еді. Сол себептен бала тәрбиесіне араласпадым, оны анасы жасаған. Бірақ қазір кішкентай балаларыммен, әсіресе қыздарыммен қарым-қатынасымды түзетіп жатырмын. Таңертең оларды қолыма алып, үйді аралап жүремін, барлығын көрсетемін. «Сен менің ақылдымсың, алтынымсың» деп айтып, махаббатымды көрсетемін. Балалар өскенде бұл сөздерді есте сақтамаса да сезінген эмоциялары қалатынына сенемін», — деді кәсіпкер.



