Әртүрлі танымал адамдардың киіміне шолу жасайтын сән блогері Жансая Әміршәріпқызы продюсер Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсын Алагөзовтің бір күндік образы қанша тұратынын есептеді, деп жазады qandastar.kz сайты Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Блогердің айтуынша, Тұрсын Алагөзовтің бір образының жалпы бағасы 131 миллион теңгеге жетеді.
Фэшн-блогер кәсіпкердің брендтік заттарын жеке-жеке есептеп, олардың құнын айтты. Оның есебінше:
Аяқкиім (Bottega Veneta) – 515 мың теңге;
Сөмке (Bottega Veneta) – 3 млн теңге;
Алқа (Prada) – 461 мың теңге;
Көзілдірік – 514 мың теңге;
Қол сағат (Hublot) – 111 млн теңге;
Футболка (Cristian Dior)- 473 мың теңге;
Күртеше (Louis Vuitton) – 13 млн теңге.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары кәсіпкердің образына таңғалып жатса, енді бірі сынға алды.
«Сүрген соң өмірді осылай сүру керек», Әр қазаққа осылай киініп жүру бұйырсын», «Бір футболкасының бағасына 4 мезгіл киініп аласың ғой», «Тұрсынғали мырза жап-жас, сәнді ер азамат», «Ақша бар, талғам жоқ», «5 үй саласың ғой мына ақшаға», – деп жазды оқырмандар.



