Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі деп аталып жүрген Айман есімді келіншек әлеуметтік желіде белсенді болып, жазылушыларынан түскен сұрақтарға жауап қатты, деп жазады qandastar.kz.
Ол өзінің жеке парақшасында көпшілікті қызықтырған шығу тегі жайлы сауалға жауап берді.
«Руымды сұрағандарға», – деп жазған Айман «Найман» атты әнді жариялау арқылы ишара жасады.
Бұл жазба желі қолданушыларының қызу талқысына ұласты.
Оқырмандар тарапынан:
«Оо, рулас екенбіз», «Енді бәрі түсінікті», «Найман деп ойлағанмын, дәл келді», «Сырттай тон пішпейік, олардың арасында не болғанын қайдан білесіңдер? Тұрсынбек аға да ессіз емес шығар, бастысы – бақытты болсын», – деген түрлі пікірлер жазылды.



