
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі онымен бірге түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялады, деп жазады qandastar.kz.
Суретте қасында Тұрсынбектің тұрғаны анық көрінеді. Сондай-ақ Айман есімді келіншек кешке көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беретінін айтты.
«Ассалаумағалейкүм! Кешке сұрақ-жауап айдарын жалғастырамыз ба? Көп сұрақтар келіп жатыр. Бүгін тек 3 сұраққа жауап беремін. Іштерің толып қалыпты ғой», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары тоқалының енді ештеңе жасырмай, ашықтан ашық салып жатқанына таңданды.
«Әйтеуір дегенде ұялмай салатын болдым десей», «Ақырын-ақырын көрініп келе жатыр бәрі», «Салып бастап кетті ма не», «Басы жарылғанда қасында неге болмадыңыз?», «Отырып шәй ішейік шер тарқатып», «Қызы Тұрсынбектің үшінші қызынан аумайды екен», — деп жазды оқырмандар.



