Шоу бизнес

Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелі Мөлдір Мұқан басқа еркекпен көзге түсті

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың экс-жары Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде бейтаныс ер азаматпен бірге көрінді, деп жазады qandastar.kz.

Желіде екеуінің бірге түскен суреттері тарап, көпшіліктің назарын аударды. Мөлдірдің мұндай қадамы көпшілік үшін күтпеген жаңалық болды.

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Кейбірі «Тұрсынбек қайта шаңырақ көтергенде, Мөлдір жалғыз қалуы керек пе?», «Бақытты болсын», «Өмірін өз қалауынша сүруге құқылы», «Өзін бағалайтын адам жолықсын» деген сынды жылы лебіздерін білдірсе, енді біреулері бұл жағдайға таңданыс танытты.

Ал Мөлдір Мұқанмен бірге жүрген ер адамның кім екені әзірге нақтыланған жоқ. Әнші бұл жайтқа қатысты әзірге ешқандай пікір білдірмеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button