Жуырда күйеуімен ажырасқаны туралы ашық сұхбат беріп, қоғам назарын өзіне аударған Мөлдір Мұқан бұл жолы өнерімен көпшілікті таңғалдырды, деп жазады qandastar.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода ол танымал «Ерке Сылқым» күйін әсерлі орындап, көрермендердің жылы қошеметіне бөленген. Пікір қалдырғандар Мөлдірдің жан-жақтылығына, ерекше дарынына ризашылық білдіріп, оның өнеріне тәнті болғанын жарыса жазды.
«Мына қызды Тұрсынбек тұншықтырып келген екен ғой, осындай өнерімен ұзаққа барады, жарайсың»,
«Өзі де өнерлі екен, сонша жыл неге дамытпаған?»,
«Осындай сұлу, талантты әйелден қалай бас тартуға болады?»,
«Бес баласы бар батыр ана, әнші, күйші, актриса, экономист — жарайсың, бақытты бол!»
деген сияқты сөздер жиі кездеседі.
Сондай-ақ кейбір желі қолданушылары Бақыт Тұрманға да ескерту жасап:
«Демалыңыз, сіздің бірде-бір әніңіз есімізде жоқ. Әнші екеніңізді білеміз, бірақ танымал әніңіз жоқ», — деп жазған.
@meru_meriona #МӨЛДІР НАҒЫЗ ӨНЕР АДАМЫ ҒОЙ #❤️❤️❤️❤️💃🏿👏🏻 #рек ♬ оригинальный звук — Меруерт Қалдыбаева



