
Фото: әлеуметтік желіден
Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов алматылық «Қайрат» футбол клубына екі жаңа шағын автобус сыйлады. Бұл туралы продюсер әрі оның жұбайы Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады qandastar.kz.
Кәсіпкердің бұл бастамасы жанкүйерлер арасында жылы пікір туғызды. Көпшілік оны спортқа деген нақты қолдау мен қамқорлықтың айқын көрінісі деп бағалап жатыр.
Бұған дейін Тұрсынғали Алагөзов «Қайрат» клубы әйгілі «Реал Мадридті» жеңсе, әр ойыншыға шетелдік көлік сыйлайтынын айтқан болатын. Команда матчта жеңіске жете алмаса да, кәсіпкер уәдесінде тұрып, клубқа өз сыйын жасады.
Айта кетсек, осы жылдың көктемінде GALANZ Bottlers компаниясының негізін қалаушы ретінде ол 100 қызметкеріне пәтер кілтін табыстап, жұрт назарын өзіне аудартқан еді.