Қытайда бір ер адам небәрі алты ай бірге тұрған әйелінен «тым көп тамақ ішеді» деген себеппен ажырасуға арыз берді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі rasdaily.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол соттан некеге дейінгі құда түсу кезінде берген 20 мың юаньды (шамамен 1,4 млн теңге) қайтаруды, сондай-ақ әйелінің тамағына кеткен шығын ретінде қосымша 30 мың юань өндіруді талап еткен.
Алайда сот тамақтану адамның қалыпты өмірлік қажеттілігі екенін атап өтіп, ас-су шығындарына өтемақы төлеу туралы талапты қанағаттандырмады. Дегенмен, сот шешімімен әйел адамға қалыңмал ретінде алынған қаражаттың бір бөлігін қайтаруға тура келген.
Сот процесі аяқталғаннан кейін ерлі-зайыптылар ресми түрде ажырасқан.



