Жаңалықтар
ТЖМ: Су тасқыны қаупі бар 1200 елдімекен тіркелді
![](https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2025/02/hCmx1qd4-780x405.webp)
Фото:ortcom.kz
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының м.а. Әсет Жылқайдаровтың айтуынша, бүгінгі таңда ел бойынша су тасқыны қаупі бар елді мекендер саны 1223 құрайды, деп жазды qandastar.kz
«Оларды қорғау үшін 576 шақырым қорғаныш бөгендері мен біліктері тұрғызылды. 822 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп, салынды. Автомобиль мен темір жол қатынастарында 960 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды. 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 шақырымға жуық түбін тереңдету, жағалауды нығайту және арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді», – деді спикер.
ТЖМ өкілінің айтуынша, зардап шеккендерді қабылдаудың 3,5 мыңнан астам пункті дайындалды, броньнан шығарылған жағдайда тіршілікті қамтамасыз ету құралдары мен мемлекеттік материалдық резерв техникасы айқындалды.