Әнші Әбдіжаппар Әлқожа танымал имам Нұрлан Байжігітұлымен бірге түскен видео жариялап, уәдесін орындағанын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Видеода әнші имамға iPhone маркалы қымбат ұялы телефон сыйлайды.
Және бір жыл бұрын берілген уәдесін орындағанын айтады.
«Халық алдында берілген уәде орындалып жатыр. Біз үшін көңіл қымбат», — деп жазды ол.
Өз кезегінде Нұрлан имам ризашылығын білдіреді.
Желі қолданушылары да ізгі ықыластарын білдіріп жатыр.



