Жаңалықтар
Уақыт белдеуімен бірге азаматтардың цифрлық құжаттарындағы деректер де ауысып кеткен секілді
Азаматтар Kaspi мен Egov Mobile қосымшаларындағы туған күндерінің өзгеріп кеткенін хабарлады. Желі қолданушыларының сөзінше, цифрлық құжатта туған күні бір күнге ерте көрсетілген.
eGov.kz-тің мәлімдеуінше, мәселе «Құжаттарды жаңарту» батырмасы арқылы шешіледі. Жаңарту батырмасын бірнеше рет басу қажет. Бұған қоса қолданбаңызды жаңарту ұсынылады.