Жаңалықтар
Уақыт белдеуіне қатысты петиция қарауға қабылданды
«E-Petition.kz» ресми порталында жарияланған петиция ресми қарау үшін қажетті қол жинады. ҚР ӘРПК-нің 90-4 бабына сәйкес, елу мың қол қою шегіне жеткеннен кейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қарауға қабылдады,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Естеріңізге салсақ, биыл еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Өзгеріске қарсы шыққан қазақстандықтар бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция жариялады.