Жаңалықтар

ҰБТ форматы өзгереді

Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ны халықаралық мамандармен бірге қайта қарауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды qandastar.kz Orda.kz сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының Educational Testing Service (ETS) компаниясы және Смитсон институты жетекшілерімен кездесулері жөнінде пікір айтты. Артынша ҰБТ жайлы сөз қозғады. Оның сөзінше, ҰБТ сапасын күрт өзгерту үшін әлемдегі тестология саласындағы ең көне ұйым тартылады.

 

«Қазіргі таңда ҰБТ сапасын күрт өзгерту, мазмұнын қайта толыққанды қарастыру осы ең ірі, ең атақты тестология орталығымен жұмыс жүргізіледі. Келесі айда үлкен зерттеушілер делегациясы Қазақстанға келетін болады. Осы жұмысты біз жүйелі түрде атқарамыз», — деді Саясат Нұрбек.

Бұл мәселе Нью-Йоркте Қазақстан президентінің Educational Testing Service басшылығымен өткен кездесуде талқыланған.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, ETS мамандарын тарта отырып, ҰБТ мазмұны мен әдістемесі қайта қаралады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button