ЖаңалықтарСпорт

УЕФА Темірлан Анарбековты тағы бір марапатқа ұсынды

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтың «Олимпиакосқа» қарсы матчтағы екі сейвін Чемпиондар лигасының ойын күніндегі үздіктер қатарына қосты, деп жазады qandastar.kz сайты Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

22 жастағы қазақстандық қақпашы грек клубымен өткен өз алаңындағы ойында сегіз сейв жасады және УЕФА тарапынан «Матчтың үздік ойыншысы» атанды.

Осы сегіз сейвтің екеуі бірден тоғыз матчтың қорытындысы бойынша жасалған үздік эпизодтар тізіміне енді.

Темірлан Анарбековтен бөлек, УЕФА келесі қақпашылардың да ойындарын атап өтті:

• «Спортинг» қақпашысы Руи Силва («Баварияға» қарсы, 3:1);
• «Славия» қақпашысы Йиндржих Станек («Тоттенхэмге» қарсы, 3:0);
• «Марсель» қақпашысы Херонимо Рульи («Юнионға» қарсы, 2:3).

Еске салайық, «Қайрат» – «Олимпиакос» матчы 0:1 есебімен қонақ команданың пайдасына аяқталған болатын. Жалғыз голды португалиялық Желсон Мартинш соқты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button