Спорт

UFC Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевты допингке тексерді

UFC ұйымы қазақстандық файтерлер Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев ты кезекті допингтік тексеруден өткізді. Бұл туралы UFC-дегі спортшылардың допинг бақылауын қадағалайтын UFC Drug Testing Watch аккаунты X әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады qandastar.kz. 

Ақпаратқа сәйкес, жартылай орта салмақта өнер көрсететін Рахмонов үшін бұл 2025 жылғы төртінші тексеріс болды. Ал аса жеңіл салмақтағы Алмабаев биыл алтыншы рет допинг сынамасынан өтті.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

Ал Асу Алмабаев октагонға жуырда, 22 қараша күні шығып, америкалық Алекс Пересті тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button